Мемлекет басшысы Сербияда өтіп жатқан Әлем біріншілігінде үш дүркін әлем чемпионы болған Назым Қызайбайды құттықтады, деп хабарлайды BAQ.KZ.
Назым Қызайбайды отандық бокс тарихында тұңғыш рет үш дүркін Әлем чемпионы болуымен құттықтаймын. Бұл – айтулы жетістік!
Сербияда өтіп жатқан Әлем біріншілігінде үздік нәтиже көрсеткен Ұлттық құрама мүшелеріне алғыс айтамын. Спортшы қыздарымыздың алдағы уақытта да үлкен жеңістерге жете беруіне тілектестік білдіремін, – деп жазды Мемлекет басшысы Instagram әлеуметтік желісіндегі өзінің парақшасында.
Айта кетейік, чемпион қыз желіде тараған сұхбатында Президент алдында жеңіске жетуге уәде бергенін айтты.