Президент Наташа Пирц Мусарды Словенияның Ұлттық күнімен құттықтады

25 Маусым 2024, 13:20
349
Бөлісу:
Президент Наташа Пирц Мусарды Словенияның Ұлттық күнімен құттықтады
Фото: Ақорда

Қасым-Жомарт Тоқаев Президент Наташа Пирц Мусарды Словенияның Ұлттық күнімен құттықтады, деп хабарлайды BAQ.KZ Ақорданың ресми сайтына сілтеме жасап.

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Словенияның Ұлттық күніне орай Президент Наташа Пирц Мусарға құттықтау жеделхатын жолдады.

– Қазақстан мен Словения арасындағы дәстүрлі достық пен өзара қолдауға негізделген ынтымақтастық жылдан-жылға нығайып келе жатқаны ерекше қуантады. Болашақта да сан қырлы қазақ-словен ықпалдастығы халықтарымыздың игілігі үшін қарқынды дами беретініне зор үміт артамын, – деп жазылған жеделхатта.

Осы мүмкіндікті пайдалана отырып, Мемлекет басшысы Словения Президентіне және оның халқына бақ-береке тіледі.

 

Өзгелердің жаңалығы