Президент: Нарық қалыптастыру, инвестиция тарту аймақ басшылығының басты міндеті

30 Қыркүйек 2022, 11:17
768
Бөлісу:
Президент: Нарық қалыптастыру, инвестиция тарту  аймақ басшылығының басты міндеті

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың Абай облысы жұртшылығымен кездесуі басталған болатын, деп хабарлайды BAQ.KZ.

Соңғы жылдары Абай өңірінің экономикалық көрсеткіштері біршама жақсарды. 

Былтыр облыстағы өнеркәсіп өндірісінің көлемі 750 миллиард теңгеге жуықтады. Жыл басынан бері аймаққа 197 миллиард теңге инвестиция тартылды. Жергілікті кәсіпорындарға қолдау көрсетіп, шағын және орта бизнестің дамуына жан-жақты мүмкіндік жасау қажет. Сондай-ақ, бәсекеге қабілетті, ашық нарық қалыптастыру, инвестиция тарту, жаңа жұмыс орындарын ашу аймақ басшылығының басты міндеті болуға тиіс, - деді Тоқаев.

Өзгелердің жаңалығы