Президент: Мердігерлердің жұмысы сапалы болуы керек

20 Қазан 2022, 10:22
1438
Бөлісу:
Президент: Мердігерлердің жұмысы сапалы болуы керек

Бұл туралы Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың Жетісу облысы жұртшылығымен кездесуі баырысында айтты, деп хабарлайды BAQ.KZ.

Әділетті Қазақстанды құру дегеніміз – барша азаматтарға бірдей мүмкіндік жасау деген сөз. Сапалы білім жастардың болашаққа сеніммен қадам басуына және еліміздің дамуына жол ашады, - деді ол.

Мемлекет басшысы аймақта 12 мектеп саланып жатқанын атап өтті.

Сондықтан, жас ұрпақтың, әсіресе, ауылда тұратын балалардың жайлы мектепте алаңсыз білім алуына жағдай жасау өте маңызды. Бұл өңірде апатты жағдайда тұрған және үш ауысыммен оқытатын мектеп жоқ. Бірақ босаңсуға болмайды. Қазір аймақта 12 мектеп салынып жатыр. «Жайлы мектеп» ұлттық жобасымен алдағы 3 жылда тағы 7 білім ошағын салу жоспарланып отыр. Осы орайда, мердігерлердің жұмысы сапалы болуы керек. Олардың жұмысын қатаң бақылауға алу қажет, - деді Тоқаев.

Өзгелердің жаңалығы