Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Бұл туралы Ақорданың ресми сайты хабарлады.
Қазақстан Республикасының мемлекеттік наградаларымен наградтау туралы
ҚАУЛЫ ЕТЕМІН:
1. Қазақстан Республикасын экономикалық дамытудағы және өндірістік қызметтегі аса үздік жетістіктері үшін:
жоғары дәрежелі ерекшелік белгісі – «Қазақстанның Еңбек Ері» атағы беріліп, айрықша ерекшелік белгісі – Алтын жұлдыз бен «Отан» ордені тапсырылсын:
Басин Вадим Борисович – «АрселорМиттал Теміртау» АҚ атқарушы директоры, Қарағанды облысының Теміртау қаласы
Қайыргелдин Мұрат Амангелдіұлы – «Еуроазия энергетикалық корпорациясы» АҚ «Восточный» кенішінің машинисі, Павлодар облысының Екібастұз қаласы.
2. Осы Жарлық қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.
Қазақстан Республикасының
Президенті Қ. Тоқаев