Президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың Жарлығымен Марғұлан Баймұхан Қазақстанның Таиланд Корольдігіндегі Төтенше және өкілетті елшісі, БҰҰ Азия мен Тынық мұхитқа арналған Экономикалық және әлеуметтік комиссиясы (ЭСКАТО) жанындағы Қазақстанның Тұрақты өкілі болып тағайындалды, деп хабарлайды BAQ.KZ тілшісі Ақордаға сілтеме жасап.
Мемлекет басшысының Жарлығымен Марғұлан Бақытұлы Баймұхан Қазақстан Республикасының Таиланд Корольдігіндегі Төтенше және өкілетті елшісі, БҰҰ Азия мен Тынық мұхитқа арналған Экономикалық және әлеуметтік комиссиясы (ЭСКАТО) жанындағы Қазақстан Республикасының Тұрақты өкілі болып тағайындалды, - делінген Ақорда хабарламасында.
Ол Мемлекет басшысының жарлығымен Қазақстан Республикасының Бельгия Корольдігіндегі Төтенше және Өкілетті Елшісі, Еуропа Одағының жанындағы және Солтүстік Атлант Шарты ұйымындағы (НАТО) Қазақстан Республикасы Өкілдігінің Басшысы, Қазақстан Республикасының Люксембург Ұлы Герцогтігіндегі Төтенше және Өкілетті елшісі қызметін қоса атқарушы лауазымдарынан босатылған еді.
Марғұлан Бақытұлы Баймұхан 1974 жылғы 6 қыркүйекте Алматы облысында дүниешге келген.
Білімі: Польшадағы Краков Экономикалық Университеті,
Ұлыбританияның Хертфордшир Университеті,
Канаданың Ванкувер Университетін бітірген.
II сыныпты Төтенше және Өкілетті Уәкіл дипломатиялық дәрежесі бар.
Поляк, неміс және ағылшын тілдерін меңгерген.
Өз еңбек жолын "Daewoo Electronics" компаниясындағы маркетинг және коммерция мәселелері жөніндегі менеджер ретінде бастаған.
1997 жылы Польшада "River System Ltd." компаниясының экспорт бөлімінің маманы, кеңесшісі, аймақтық директоры (Оңтүстік Кавказ және Орталық Азия елдері) ретінде жұмыс істеді.
Дипломатиялық мансабын 1999 жылдан бастап, Халықаралық экономикалық ынтымақтастық департаментінің атташесі, үшінші хатшысы болып жұмыс істеді. Әрі қарай Қазақстанның Польшадағы елшілігінде атташе-консул, үшінші және екінші хатшы қызметтерін атқарды.
2005 жылдан 2007 жылға дейін СІМ-де ТМД істері департаментінің халықаралық ұйымдар бөлімінің, Әскери-саяси ынтымақтастық бөлімінің кеңесшісі, басшысы болды.
2007 жылдан 2013 жылға дейін Польшадағы Қазақстан елшілігіне кеңесші және кеңесші-уәкіл ретінде қайта жіберілді.
2013 жылдан бастап 2015 жылға дейін ҚР СІМ Сыртқы саяси талдау және болжау комитеті төрағасының орынбасары болып тағайындалады.
2017 жылы Қазақстанның Польшадағы елшісі.
2019 жылдың желтоқсанынан ҚР Сыртқы істер министрінің орынбасары лауазымына тағайындалды.
2021 жылдың 19 сәуірінде Сыртқы істер министрінің орынбасары лауазымынан босатылды.
2021 жылдан бері Қазақстан Республикасының Бельгия Корольдігіндегі Төтенше және өкілетті елшісі, Еуропа Одағының жанындағы және Солтүстік Атлант Шарты ұйымындағы (НАТО) Қазақстан Республикасы Өкілдігінің басшысы.