Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Қазақстан Республикасының Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев Р. Сыздықты І дәрежелі «Барыс» орденімен наградтау туралы Қаулы қабылдады. Бұл туралы Ақорданың баспасөз қызметі хабарлады.
"1. Қоғамдық қызметтегі айрықша еңбегі, сондай-ақ отандық ғылымды дамытуға қосқан елеулі үлесі үшін А.Байтұрсынұлы атындағы Тіл білімі институтының бас ғылыми қызметкері Рәбиға Сыздық І дәрежелі «Барыс» орденімен наградталсын. 2. Осы Жарлық қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі" - делінген Президент Қаулысында.