Қазақстанның соңғы жаңалықтары

Президент Малайзия премьер-министрін құттықтады

31 Тамыз 2025, 09:00
558
Бөлісу:
 Ақорда
Фото: Ақорда

Президент Малайзия премьер-министріне құттықтау жеделхатын жолдады, деп хабарлайды BAQ.KZ.

Бұл туралы Ақорда мәлімдеді.

Қасым-Жомарт Тоқаев Ануар Ибрагим мен оның отандастарын Малайзияның Тәуелсіздік күнімен құттықтады.

Мемлекет басшысы Қазақстан мен Малайзия арасындағы өзара түсіністік пен ортақ құндылықтарға негізделген қарым-қатынастың одан әрі нығая беретініне сенім білдірді.

Қасым-Жомарт Тоқаев Ануар Ибрагимнің аса жауапты қызметіне табыс, ал Малайзия халқына құт-береке тіледі.

Өзгелердің жаңалығы