Қазақстанның соңғы жаңалықтары

Президент кубогі: Челленджер турнирінде Қазақстан намысын кімдер қорғайды?

27 Шілде 2025, 15:19
475
Бөлісу:
 Қазақстан теннис федерациясы
Фото: Қазақстан теннис федерациясы

Елордада Президент кубогы үшін теннистен ерлер арасында өтетін челленджер турнирінің жеребесі тартылды, деп хабарлайды BAQ.KZ.

Қазақстан теннисінің жас жұлдыздары Амир Омарханов пен Заңғар Нұрланұлы ұйымдастырушылардан арнайы шақырту алды.

Амир алғашқы айналымда жапониялық Имай Шинтаромен, Заңғар тәжірибелі литвалық, әлемнің бұрынғы 50-ракеткасы Ричардас Беранкиспен ойнайды.

Іріктеу сайысында Григорий Ломакин, Ислам Орынбасар, Ерасыл Бақтияр және Даниэль Тазабеков бақ сынайды. Ислам түркиялық Арда Азкардан, Григорий жапониялық Тайсей Ичикавадан, Ерасыл оңтүстіккореялық Пак Юсунгтен, 17 жастағы Даниэль Жаронияның тағы бір өкілі Риотара Тагучиден өтуге тырысады.

Өзгелердің жаңалығы