Президент Иордания Королін құттықтады

Мемлекет басшысы Иордания Короліне құттықтау жеделхатын жолдады

Бүгiн 2026, 19:27
АВТОР
 Ақорда Бүгiн 2026, 19:27
Бүгiн 2026, 19:27
96
Фото: Ақорда

Қасым-Жомарт Тоқаев Король II Абдалла бен әл-Хусейнді және Иордания халқын ел тәуелсіздігінің 80 жылдығымен құттықтады.

Мемлекет басшысы былтырғы сапарлар мен жоғары деңгейде өткен келіссөздер екіжақты ынтымақтастықтың дамуына тың серпін бергенін атап өтті. Қазақстан Президенті дәстүрлі достық пен құрметке негізделген серіктестік қос елдің игілігі жолында қарқынды дами беретініне сенім білдірді. Қасым-Жомарт Тоқаев Король II Абдалла бен әл-Хусейннің жауапты мемлекеттік қызметіне толағай табыс, ал бауырлас Иордания халқына құт-береке тіледі, - деп жазылған Ақорда хабарламасында. 

 

Наверх