Қазақстанның соңғы жаңалықтары

Президент халықаралық олимпиада жеңімпаздарын құттықтады

16 Шілде 2025, 17:11
734
Бөлісу:
 BAQ.KZ  - архив
Фото: BAQ.KZ - архив

Қасым-Жомарт Тоқаев халықаралық олимпиада жеңімпаздарын құттықтады, деп хабарлайды BAQ.KZ Ақордаға сілтеме жасап.

Мемлекет басшысы Барселона қаласында өткен халықаралық STEM олимпиадасында, сондай-ақ Біріккен Араб Әмірліктерінде ұйымдастырылған химия пәнінен халықаралық олимпиадада жеңіске жеткен қазақстандық оқушыларға құттықтау жеделхатын жолдады. Қасым-Жомарт Тоқаев мұны еліміздің абырой-беделін арттыра түсетін тарихи жетістік ретінде бағалады.

Бұл – Қазақстанда білім беру саласы қарқынды дамып келе жатқанының айқын дәлелі. Мемлекет жастардың сапалы білім, тағылымды тәрбие алуына әрдайым баса мән береді. Еліміз сіздерді мақтан тұтады. Жарқын жеңістеріңіз көп болсын! – деп жазды Президент.

Өзгелердің жаңалығы