Президент Қасым-Жомарт Тоқаев ExxonMobil корпорациясының басшыларын қабылдады, деп хабарлайды BAQ.KZ Ақорданың баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
Мемлекет басшысы ExxonMobil корпорациясының басқарма төрағасы және бас атқарушы директоры Даррен Вудсқа ілтипат білдіріп, Қазақстанның мұнай-газ саласындағы негізгі серіктестерінің біріне айналған коммерциялық ұйыммен ынтымақтастыққа жоғары баға берді.
Қасым-Жомарт Тоқаев пен Даррен Вудс компанияның Теңіз және Қашаған кен орындарындағы перспективасы жөнінде пікір алмасты.