Қасым-Жомарт Тоқаев Қазақстанның Ұлыбританиядағы жаңадан тағайындалған елшісі Мағжан Ілиясовты қабылдады, деп хабарлайды BAQ.KZ.
Бұл туралы Ақорданың ресми сайты жазды.
Әңгімелесу барысында Мемлекет басшысы Біріккен Корольдікпен арадағы ынтымақтастықты одан әрі нығайту аса маңызды екенін атап өтті.
Президент Мағжан Ілиясовқа екі ел арасындағы сауда-экономикалық және инвестициялық іс-әрекетті жандандыруға және басқа да мәселелерге қатысты бірқатар нақты тапсырма берді.
Оқи отырыңыз: