Бұл туралы Президенттің кеңесшісі – Президенттің Баспасөз хатшысы Берік Уәли әлеуметтік желідегі парақшасында мәлімдеді, деп хабарлайды BAQ.KZ.
Президент экс-сенатор Ләззат Қалтаеваға Парламенттің жоғары палатасындағы белсенді және жемісті жұмысы үшін ризашылық білдірді. Оның тәжірибесі мен білімі еліміздің қоғамдық-саяси өмірін одан әрі дамытуға үлес қоса беретініне сенімді екенін атап өтті, - деп жазды Берік Уәли.