Бүгін Мемлекет басшысының жұмыс кестесінде бірқатар кездесу жоспарланған, деп хабарлайды BAQ.KZ.
Президент Босния және Герцеговина Президиумының төрағасы Желька Цвияновичпен кездесу өткізеді.
Қасым-Жомарт Тоқаев БҰҰ Бас хатшысының саяси мәселелер жөніндегі көмекшісі Мирослав Енчаны, ЭСКАТО-ның атқарушы директоры Армида Алисджабананы және БҰҰ Бас хатшысының көмекшісі – БҰҰДБ әкімшісінің орынбасары Ивана Живковичті қабылдайды.
Сонымен қатар Президент: – Ауыл шаруашылығы мәселелері жөніндегі еуропалық комиссар Януш Войчеховскиймен; – Total Energies директорлар кеңесінің төрағасы және бас атқарушы директоры Патрик Пуяннемен; – Sun Seven IG басқарма төрағасы У Чжэнмен; – ДСҰ Бас директоры Нгози Оконджо-Ивеаламен бірқатар кездесу өткізеді.