Президент "Бөрте Милка" тауарлы сүт фермасымен танысты

27 Қыркүйек 2024, 19:00
365
Бөлісу:
Президент "Бөрте Милка" тауарлы сүт фермасымен танысты
PHOTO
Фото: Ақорда

Мемлекет басшысы Ордабасы ауданының Бадам ауылында орналасқан «Бөрте Милка» ЖШС тауарлы сүт фермасын аралап көрді, деп хабарлайды BAQ.KZ.

2016 жылы негізі қаланған бұл кәсіпорын Солтүстік Қазақстан облысының тәжірибесі негізінде биыл 403 бас сиыр сатып алды. Нәтижесінде қосымша 15 жаңа жұмыс орны ашылды.

Президент "Бөрте Милка" тауарлы сүт фермасымен танысты

Жобаға мемлекеттен жылдық мөлшерлемесі 2,5 пайыз болатын жеңілдетілген 2,4 миллиард теңге несие берілді. Бүгінде құрылыс жұмыстары толық аяқталды.

Президент "Бөрте Милка" тауарлы сүт фермасымен танысты

Ферма «DeLaval» швед технологиялық кешенімен жабдықталған. Ферма тәулігіне 25 тонна сүт өңдеп, 20-дан астам өнім түрін шығарады.

Президент "Бөрте Милка" тауарлы сүт фермасымен танысты

Кәсіпорынның тауары негізінен Түркістан, Қызылорда, Жамбыл облыстарына, сондай-ақ Шымкент, Алматы қалаларына жеткізіледі.

Президент "Бөрте Милка" тауарлы сүт фермасымен танысты
Өзгелердің жаңалығы