Президент боламын деген адам өмір бойы дайындалуы керек

6 Қазан 2022, 11:35
1294
Бөлісу:
Президент боламын деген адам өмір бойы дайындалуы керек

Бұл пікірді Парламент Мәжілісінің депутаты Еділ Жаңбыршин айтты, деп хабарлайды BAQ.KZ тілшісі.

Депутатқа биыл Президент сайлауында бәсекелестік деңгейі қандай болады? деген сұрақ қойылды.

Біз көбіне бәсекелестікті бір тұлғаға ғана қатысты айтамыз. Шын мәнінде, бәсекелестік тұлғадан бөлек азаматтардың ұсынып жатқан бағдарламасына байланысты. Біз кандидаттың қандай бағдарлама ұсынатынын қарауымыз керек. Бәскелестік адамның атын да ғана емес, ол азаматтың ұсынып жатқан ұстанымы мен халыққа жариялаған жобасында көрінеді. Қоғам әр жобаны қарап өзіне лайықтыны таңдайды. Мен Қасым-Жомарт Тоқаевтан басқа лайықты кандидат көріп отырғаным жоқ. Себебі, Қасым-Жомарт Кемелұлының тәжірибесі, әлем елдеріндегі беделі және ұсынған жобалары Президентті лайықты етіп көрсетіп отыр, - деді Мәжілісмен AMANAT партиясының кезектен тыс XXIV съезінен кейін журналистерге.

Оның пікірінше, Президент боламын деген тұлған өмір бойы дайындалуы керек.

Меніңше, Президент боламын деген адам 3 ай емес, өмір бойы дайындалуы керек, - деді Жаңбыршин.

Өзгелердің жаңалығы