Қазақстанның соңғы жаңалықтары

Президент бірқатар мемлекеттің елшілерінен сенім грамоталарын қабылдады

14 Қараша 2022, 13:04
1140
Бөлісу:
 Ақорда
PHOTO
Фото: Ақорда

«Ақорда» резиденциясында 3 мемлекеттің төтенше және өкілетті елшілерінің Қазақстан Президентіне сенім грамоталарын тапсыру рәсімі өтті, деп хабарлайды BAQ.KZ.

Бұл туралы Ақорданың ресми сайты мәлімдейді.

Президент бірқатар мемлекеттің елшілерінен сенім грамоталарын қабылдады

Сенім грамоталарын Америка Құрама Штаттарының елшісі Дэниэл Розенблюм, Сьерра-Леоне Республикасының елшісі Мұхамед Йонгаво және Молдова Республикасының елшісі Лилиан Дарий тапсырды.

Президент бірқатар мемлекеттің елшілерінен сенім грамоталарын қабылдады

 Президент дипломаттарды Қазақстандағы ресми миссияларының басталуымен құттықтап, олар өздерінің кәсіби тәжірибелерімен және қажырлы еңбегімен екіжақты ынтымақтастықты дамытуға үлес қосатынына сенім білдірді. 

Президент бірқатар мемлекеттің елшілерінен сенім грамоталарын қабылдады

Қасым-Жомарт Тоқаев достық және өзара тиімді қарым-қатынастарды нығайтуға бағытталған бейбіт әрі ашық сыртқы саясат жүргізетінін атап өтті.

Президент бірқатар мемлекеттің елшілерінен сенім грамоталарын қабылдады

 Шара соңында Президент дипломаттарға табыс тілеп, олардың мемлекеттерінің басшыларына жүрекжарды сәлемін жолдады.

Президент бірқатар мемлекеттің елшілерінен сенім грамоталарын қабылдады
Өзгелердің жаңалығы