Қазақстанның соңғы жаңалықтары

Президент бірқатар дипломаттарды жаңа қызметке тағайындады

Бүгiн, 12:14
102
Бөлісу:
 Ақорданың баспасөз қызметі
Фото: Ақорданың баспасөз қызметі

Қазақстан Республикасының Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев Ақорда сайтында жарияланған Жарлықтарға сәйкес, бірқатар дипломатиялық тағайындаулар жасады, деп хабарлайды BAQ.KZ.

Мемлекет басшысының шешімімен:

Қайрат Құдайбергенұлы Әбдірахманов Қазақстан Республикасының Чех Республикасындағы Төтенше және өкілетті елшісі лауазымына тағайындалды. Осыған байланысты ол Қазақстан Республикасының Нидерланд Корольдігіндегі Төтенше және өкілетті елшісі, сондай-ақ Химиялық қаруға тыйым салу жөніндегі ұйым жанындағы Қазақстан Республикасының Тұрақты өкілі қызметін қоса атқарушы лауазымдарынан босатылды.
Ақан Ақасұлы Рахметуллин Қазақстан Республикасының Нидерланд Корольдігіндегі Төтенше және өкілетті елшісі, Химиялық қаруға тыйым салу жөніндегі ұйым жанындағы Қазақстан Республикасының Тұрақты өкілі қызметін қоса атқарушы болып тағайындалды.
• Қазақстан Республикасының Бельгия Корольдігіндегі Төтенше және өкілетті елшісі, Еуропа Одағы жанындағы және Солтүстік Атлант Шарты ұйымындағы (НАТО) Қазақстан Республикасы Өкілдігінің басшысы Роман Юрьевич Василенко Қазақстан Республикасының Люксембург Ұлы Герцогтігіндегі Төтенше және өкілетті елшісі қызметін қоса атқарушы болып тағайындалды.

Сонымен қатар Мемлекет басшысының Жарлығымен:

Бақыт Амангелдіұлы Дүйсенбаев Қазақстан Республикасының Чех Республикасындағы Төтенше және өкілетті елшісі лауазымынан босатылды.

Өзгелердің жаңалығы