Президент бірқатар азаматты мемлекеттік наградалармен марапаттады

Мемлекет басшысы Маңғыстау облысына сапары барысында өңірдің бірқатар азаматын мемлекеттік наградалармен марапаттады, деп хабарлайды BAQ.KZ.

7 Қараша 2022 2022, 13:29
АВТОР
 7 Қараша 2022 2022, 13:29
7 Қараша 2022 2022, 13:29
1151

Мемлекет басшысы Маңғыстау облысына сапары барысында  өңірдің бірқатар азаматын мемлекеттік наградалармен марапаттады, деп хабарлайды BAQ.KZ.

Мемлекет басшысы елеулі жетістіктері мен Қазақстан Республикасына сіңірген айрықша еңбегі үшін Маңғыстау өңірінің бірқатар азаматын мемлекеттік наградалармен марапаттады.

Мемлекет басшысының Жарлығымен елеулі жетістіктері және Қазақстан Республикасына сіңірген айрықша еңбегі үшін:

«Парасат» орденімен еңбек ардагері Күзембай Ерғалиев;

«Құрмет» орденімен «Мамандандырылған IT-лицей» КММ мұғалімі Людмила Николаевна Рябова;

ІІІ дәрежелі «Еңбек даңқы» орденімен «Қарақия орталық аудандық ауруханасы» МКК Сенек дәрігерлік амбулаториясының мейіргері Жанымгүл Мұрсалқызы Дүйсембаева;

ІІІ дәрежелі «Еңбек даңқы» орденімен «Өзен жылу» МКК жөндеушісі Сейидали Қияқбаев;

«Ерен еңбегі үшін» медалімен ««Акжол+К» ЖШС шебері Феруза Бисенбайқызы Қаракесекова марапатталды. 

Наверх