Президент: Биотехнология салаларында ықпалдастық жасау үшін мол мүмкіндік бар

23 Мамыр 2024, 14:35
456
Бөлісу:
Президент: Биотехнология салаларында ықпалдастық жасау үшін мол мүмкіндік бар
PHOTO
Фото: Ақорда

Бұл туралы Президент  Қазақстан-Сингапур бизнес форумының жабылу рәсімінде айтты, деп хабарлайды BAQ.KZ.

 Президент биотехнология және медицина салаларында ықпалдастық жасау үшін мол мүмкіндік бар деп санайды.

Президент: Биотехнология салаларында ықпалдастық жасау үшін мол мүмкіндік бар

Біздің елдің фармацевтика саласы – өңірдегі ең қарқынды дамып келе жатқан нарықтардың бірі. Pfizer, Roche, GE Healthcare және Philips секілді әлемдік жетекші компаниялар дәрі-дәрмек пен медициналық құрал-жабдықтардың жергілікті өндірісін ашуды жоспарлап отыр. Біз бірлескен зерттеулерді, сондай-ақ дәрілер мен биопрепараттар өндірісін қаржыландыру үшін «Бәйтерек» ұлттық холдингі мен Forebright компаниясының инвестициялық қор құру жоспарын құптаймыз, – деді Мемлекет басшысы.

Президент цифрлық секторды өнімділік пен экономикалық өсімнің артуына әсер ететін тағы бір перспективті бағыт ретінде атады.

Президент: Биотехнология салаларында ықпалдастық жасау үшін мол мүмкіндік бар

Қасым-Жомарт Тоқаевтың айтуынша, Қазақстан Сингапур сияқты Еуразия құрлығында жетекші технологиялық және IT-хабқа айналуды көздейді. Нақтырақ айтқанда, еліміз жаңа әрі кешенді IT-жобалар, әсіресе жасанды интеллект саласында маңызды бастамалар жасау үшін R&D жобалар, стартаптар, білім секілді түрлі бағыт бойынша ауқымды ынтымақтастықты жолға қоюға мүдделі.

Президент: Биотехнология салаларында ықпалдастық жасау үшін мол мүмкіндік бар

Қасым-Жомарт Тоқаев сөзін қорытындылай келе, «Астана» халықаралық қаржы орталығының инвестиция тарту ісіндегі артықшылықтарына назар аударды.

 Бүгінде АХҚО алаңында әлемнің 80 елінің екі мыңнан астам компаниясы жұмыс істейді. Олар Қазақстанға және бүкіл өңірге инвестиция тартуға ықпал етеді. Сингапурдың 30-дан астам компаниясы АХҚО-ның резиденті саналады. Келешекте олардың саны арта түседі деп сенемін. Қаржы орталығы Сингапурдың Ақша-кредит басқармасымен қаржы технологиясы, «жасыл қаржы» және ислам банкингі салаларындағы өзара тиімді серіктестікті дамыту үшін тығыз қарым-қатынас орнатқан. АХҚО-да Қазақстан-Сингапур тікелей инвестиция тарту қорының құрылуы екі елдегі бірлескен кәсіпорындарды қаржыландыру үшін оңтайлы алаң бола алады, – деді Президент.
 

Форум аяқталғаннан кейін Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың және Сингапур Республикасы Премьер-министрінің орынбасары – Экономикалық саясат жөніндегі үйлестіруші министр Хенг Суи Кеаттың қатысуымен коммерциялық құжаттарға қол қою рәсімі өтті. Мынадай құжаттарға қол қойылды:

Президент: Биотехнология салаларында ықпалдастық жасау үшін мол мүмкіндік бар

1. «Қазпошта» АҚ мен SingPost арасындағы Стратегиялық ынтымақтастық туралы келісім;
2. «KTZ Express» АҚ мен Global DTC арасындағы Цифрлық дәлізді іске қосу туралы декларация; 
3. «Қазақстан темір жолы» ҰК» АҚ, PSA KZ Pte Ltd, KPMC Ltd және G-trans Service арасындағы Ынтымақтастықты одан әрі дамыту туралы меморандум.

Президент: Биотехнология салаларында ықпалдастық жасау үшін мол мүмкіндік бар

Бұдан бөлек, бизнес форум аясында мынадай құжаттарға қол қойылды:

1. Forebright Capital Asia Private Limited, «Qazaqstan Investment Corporation» АҚ және «BGI Hong Kong Tech Co., Limited арасындағы Forebright Life Science Technology Fund туралы инвестициялық келісім;
2. «Бирюк Алтын» ЖШС мен AlDigi Holdings Pte. Ltd компаниясы арасындағы келісім;
3. Қазақстанның «Сыртқы сауда палатасы» ЖШС мен Сингапурдың өндірістік федерациясы арасындағы Өзара түсіністік туралы меморандум;
4. «Caspian Group» АҚ мен China Regional Development and Planing Institute Co., Limited арасындағы Өзара түсіністік және ынтымақтастық туралы меморандум;
5. «Caspian Group» АҚ мен KPMG Samjong Accounting Corp. арасындағы Өзара түсіністік туралы меморандум;
6. «Mandarin building» ЖШС, «Singapore International School Kazakhstan» ЖШС және Kinder World International Group арасындағы Ынтымақтастық туралы келісім;
7. Қазақстан Республикасының Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрлігі мен Nomadic Innovation Hub компаниясы арасындағы Өзара түсіністік туралы меморандум;
8. Nomadic Innovation Hub пен Clockster арасындағы инвестициялық келісім;
9. Nomadic Innovation Hub пен Snap hunt рекрутинг платформасы арасындағы инвестициялық келісім.

Өзгелердің жаңалығы