Президент Ассамблея мүшелерін құттықтады

Бүгiн, 10:46
192
Бөлісу:
Президент Ассамблея мүшелерін құттықтады
Фото: автордан

“Алғыс айту күні” республикалық форумында Қазақстан халқы Ассамблеясы Төрағасының орынбасары Марат Әзілханов ассамблея мүшелеріне ҚР Президенті, Қазақстан халқы ассамблеясының төрағасы Қасым-Жомарт Тоқаевтың құттықтауын жеткізді, деп хабарлайды BAQ.KZ тілшісі.

Құрметті Ассамблея мүшелері сіздерді Қазақстан халқы Ассамблеясының құрылғанына 30 жыл толуымен құттықтаймын. Ассамблея жылдар бойы халқымыздың ырыс-ынтымағын нығайтуға, қоғамдағы өзара түсіністік пен келісімді сақтауға өлшеусіз үлес қосып келеді. Осы ұйымның белсенді қызметі арқылы еліміздегі барлық этностың тілін, мәдениеті мен салт-дәстүрін үйлесімді дамытуға, сондай-ақ қазақ тілінің этносаралық қатынас тілі ретіндегі мәртебесін көтеруге жол ашты, - делінген хатта.

Президент құттықтауында Парламентте өкілдері бар Қазақстан халық Ассамблеясы мемлекет пен қоғам арасында ашық диалог орнатқан тиімді құрылымға айналғанын атап өтті.

Ұйым мүшелері маңызды бастамалар көтеріп, елге қажетті жобаларды жүзеге асырып жатыр. Қазақстандағы ауқымды өзгерістерге де барынша атсалысып келеді. Ассамблея ұлттың жаңа сапасын қалыптастыру, отаншылдық пен ынтымақтастық, жасампаздық пен жауапкершілік сияқты басты құндылықтарды дәріптеу жолында айрықша рөл атқарады. Сіздер еліміздегі бейбітшілік пен тұрақтылықты сақтау және жалпы ұлттық бірлікті нығайту үшін аямай еңбек ете бересіздер деп сенемін, - делінген құттықтауда.

Айта кетейік, “Алғыс айту күні” республикалық форумында Қазақстан халқы Ассамблеясының мерейтойлық жылы ашылды.

Өзгелердің жаңалығы