Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ тілшісі. Бұл туралы Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Nur Otan партиясының кезектен тыс XXI съезінде сөйлеген сөзінде айтты.
Тоқаев атап өткендей, басқа партиялармен және қоғамдық бірлестіктермен белсенді ынтымақтастық біздің партия (Nur Otan – ред.) қызметінің заңды бөлігіне айналуы тиіс.
Конструктивті сынды дұрыс қабылдап, пайдалы қорытындылар жасау керек. Алдағы реформаларды сапалы заңнамалық қамтамасыз ету үшін Мәжілістегі партия фракциясының жұмысын қайта бастау қажет. Фракция мүшелері формализм мен шамадан тыс ұйымшылдықтан алыс болып, қоғам өкілдерімен көбірек байланыста болуы керек, - деп атап өтті Мемлекет басшысы.
Оның сөзінше, өзекті мәселелерді мұқият түсіну, ашық популизмге бармай, партияның ұстанымын нақты түсіндіру және берік сақтау – депутаттардың тікелей міндеті.
Сайлаушылармен тікелей диалог құру, азаматтармен, соның ішінде шалғай ауылдардағы тұрғындармен жүйелі кездесулер принципті түрде маңызды. Депутаттық сауалдар ресми емес, мазмұны жағынан нақты, тұрғындардың нақты мәселелерін көрсететін болуы керек, - дейді Президент съезде.