Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Күні кеше Аружан Саин ҚР Бала құқықтары жөніндегі уәкіл етіп тағайындалды. Мемлекет басшысы оның бұл қызметке тағайындалуына қатысты пікір білдірді.
"Белгілі қоғам қайраткері Аружан Саинды Бала құқықтары жөніндегі уәкіл етіп тағайындадым. Жемісті жұмыс атқарады деп сенемін. Сенатор Сәуле Айтпаеваға осы лауазымдағы жұмысы үшін ризашылық білдіремін", - деп жазды Қасым-Жомарт Тоқаев Twitter-дегі парақшасында.
Айта кетейік, кеше Қазақстан президентінің Өкімімен Сәуле Мұханбедианқызы Айтпаева Қазақстан Республикасындағы Бала құқықтары жөніндегі уәкіл қызметінен босатылып, оның орнына Аружан Саин тағайындалған болатын.