Президент Аманхан Әлімнің отбасына көңіл айтты

30 Наурыз 2020, 14:54
1819
Бөлісу:
Президент Аманхан Әлімнің отбасына көңіл айтты

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Халықаралық "Алаш" әдеби сыйлығының иегері, ақын, сыншы Аманхан Әлімнің отбасына көңіл айту жеделхатын жолдады, деп жазды президенттің баспасөз хатшысы Берік Уәли Facebook-тегі парақшасында.

Ақын, сыншы, әдебиетші, публицист Аманхан Әлімнің қайтыс болуына байланысты оның отбасы мен туған-туыстарына қайғыларына ортақтасып көңіл айтамын.

Аманхан Әлімұлы қазақ әдебиетінің көрнекті өкілдерінің бірі еді. Сонымен қатар ол отандық журналистиканың дамуына да өлшеусіз үлес қосты. Қатардағы тілшіден бас редакторлыққа дейінгі жолдың бәрінен өтті. Ол ұлттың өсуіне, әдебиеттің дамуына кедергі болатын кері әрекеттердің барлығын сын садағына ілді. 
Аманхан Әлім қазақ руханиятының көкжиегін кеңейту үшін ақиқаттан айнымаған қайраткер қаламгер еді.
Марқұмның жатқан жері жайлы, иманы саламат болсын!, - делінген жеделхатта.

Бұған дейін "Ақиқат" журналының бас редакторы, ақын Аманхан Әлімұлы дүниеден өткенін хабарлаған болатынбыз.
Өзгелердің жаңалығы