Президент Алматы облысының инспекторына браконьерлікпен белсенді күресі үшін алғыс айтты

22 Мамыр 2020, 17:01
1352
Бөлісу:
Президент Алматы облысының инспекторына браконьерлікпен белсенді күресі үшін алғыс айтты

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Бұл туралы Экология, геология жəне табиғи ресурстар министрі Мағзұм Мырзағалиев өзінің Twitter-дегі парақшасында жазды.

Бүгін Қазақстанның Экология, геология жəне табиғи ресурстар министрі Мағзұм Мырзағалиев Алматы облысы жануарлар мен өсімдіктер дүниесі инспекциясы бөлімінің басшысы Леонид Сидоренкоға Мемлекет басшысының атынан алғыс хат тапсырды.

Бүгін ел Президентінің тапсырмасымен, Алматы облысына жұмыс сапары барысында Қ.Тоқаевтың атынан облыстық жануарлар мен өсімдіктер дүниесі инспекциясы бөлімінің басшысы Леонид Сидоренкоға алғыс хат тапсырдым, - деп жазды ол.

Министр Мемлекет басшысы инспектордың республиканың табиғи байлығын сақтауға қосқан үлесін айрықша атап өткенін жеткізді.

Леонид Павлович 30 жылға жуық уақыттан бері инспекцияда табанды еңбек ете жүріп, браконьерлікпен  ымырасыз күрес жүргізіп келеді. Қылмыстық істерді ашуға да қатысуда, - деді министр.

Экология министрлігі басшысы инспекторға "қазақстандықтардың тұма табиғаттың көрікті келбетін тамашалауына мүмкіндік туғызып жүрген айрықша еңбегі үшін" ризашылық білдірді.

Өзгелердің жаңалығы