Қазақстанның соңғы жаңалықтары

Президент: Әлемде бейбітшілік пен қауіпсіздік үшін жаңа келісім қажет

24 Қыркүйек 2025, 00:16
345
Бөлісу:

Мемлекет басшысы әлемдік қауіпсіздік архитектурасын қайта қалпына келтіру – халықаралық қоғамдастықтың басты басымдығына айналуы керек екенін айтты. Оның пікірінше, жаһандық тұрақтылық пен сенімге негізделген жаңа келісімдерге сұраныс артып отыр, деп хабарлайды BAQ.KZ.

Президент Қасым-Жомарт Тоқаев халықаралық қауіпсіздік жүйесінің қазіргі жағдайына алаңдаушылық білдіріп, оны түбегейлі қайта қарау қажеттігін мәлімдеді. Ол Біріккен Ұлттар Ұйымының Жарғысында әлі күнге дейін сақталған "жау мемлекет" ережесінің ескіргенін, сондықтан құжатты жаңарту мәселесін күн тәртібіне шығаратын уақыт жеткенін атап өтті.

Бүгінде біз алаңдатарлық ахуалға куә болып отырмыз: қарулануды шектейтін шарттар сақталмайды, демек, стратегиялық тұрақтылықтың да іргесі сөгіле бастады, - деді Президент.

Оның айтуынша, 2024 жылы әлем елдері әскери жарақтандыруға 2,7 триллион доллар бөлген. Бұл – тарихи рекорд. Ал зорлық-зомбылықтан келген экономикалық залал 20 триллион долларға жуықтаған. Осыған байланысты Мемлекет басшысы қауіпсіздік архитектурасын жаңғыртуды шұғыл қолға алуға шақырды.

Қазақстан ядролық қарусыздану және жаппай қырып-жою қаруын таратпау жөніндегі жаңа диалогқа дайын екенін білдірді. Сондай-ақ ядролық державалар арасындағы тікелей диалогты жандандыру, бейбіт бастамаларды күшейту, көпжақты келіссөздерге басымдық беру қажеттігін баса айтты.

Кең көлемде алып қарасақ, соғысқұмарлық менталитетін түп-тамырымен жоятын күрделі жұмысқа кіріскен жөн. Бұл – жүзеге асыруға болатын шаруа, - деді Тоқаев.

Президент бұған дейін көтерілген Биологиялық қауіпсіздік жөніндегі халықаралық агенттік құру туралы ұсынысын тағы да алға тартты.

Өзгелердің жаңалығы