Президент: Алдағы 3 жылда облыста 28 мыңнан астам балаға арналған жаңа мектептер салынады

5 Қазан 2022, 11:29
604
Бөлісу:
Президент: Алдағы 3 жылда облыста 28 мыңнан астам балаға арналған жаңа мектептер салынады

Бұл туралы Мемлекет басшысы Қарағанды облысы жұртшылығымен кездесуі кезінде айтты, деп хабарлайды BAQ.KZ.

Білім беру, денсаулық сақтау, спорт және мәдениет инфрақұрылымын дамыту. Бұл бағыттағы жұмыстар азаматтардың тұрмысына тікелей әсер етеді. Мен ұрпақтың сапалы білім алуына баса мән беріп отырмын, - деді Тоқаев.

Ол 3 жылда 28 мыңнан астам балаға арналған жаңа мектептер салынатынын айтты.

Менің бастамаммен «Жайлы мектеп» ұлттық жобасы қолға алынды. Оны бүкіл еліміз бойынша жүзеге асырып жатырмыз. Алдағы 3 жылда осы өңірдің өзінде 28 мыңнан астам балаға арналған жаңа мектептер салынатын болады. Келесі жылы құрылыс басталады. Сондықтан, жер телімін бөлу және оны коммуналдық желілерге қосу мәселесі қазірден бастап шешімін табуға тиіс, - деді Президент.

Президент Қарағандыда аурухана салынатынын айтты.

Медициналық білім беру жүйесін дамыту – басты міндеттің бірі. Қарағанды медицина университеті бүкіл еліміз үшін білікті мамандар даярлайды. Бұл оқу орнын дәрігерлер ұстаханасы деуге болады. Құзырлы министрлік университеттер жанынан 5 аурухана салу туралы жоба ұсынды. Соның бірі Қарағандыда салынады. Университет клиникасының құрылысы келесі жылы басталуы керек. Оны заманауи құралдармен жабдықтау қажет. Клиника осы өңірде медицина ғылымын дамытуға және жаңа технологияларды енгізуге тың серпін береді ден сенемін, - деді ол.

Өзгелердің жаңалығы