Президент 22 мамыр күні Италия Премьер-министрімен кездеседі

20 Мамыр 2023, 11:32
1559
Бөлісу:
Президент 22 мамыр күні Италия Премьер-министрімен кездеседі

Президент 22 мамыр күні Қазақстанға жұмыс сапарымен келетін Италия Премьер-министрі Джорджа Мелонимен кездеседі, деп хабарлайды BAQ.KZ.

Сондай-ақ дәл осы күні Қасым-Жомарт Тоқаев елімізге мемлекеттік сапармен келетін Сингапур Президенті Халима Якобпен келіссөздер жүргізеді. Кездесу барысында екі елдің саяси, сауда-экономикалық, инвестициялық және мәдени-гуманитарлық салалардағы ынтымақтастық мәселелері талқыланады.

Мемлекет басшысы 25 мамыр күні Жоғары Еуразиялық экономикалық кеңестің Мәскеуде өтетін кезекті отырысына қатысады. 
 

Өзгелердің жаңалығы