Премьер-Министрдің және Үкімет мүшелерінің атынан жалған хабар тарап жатыр

ҚР Үкіметінің Баспасөз қызметі мессенджерлерде қаражат аудару туралы өтініш айтылған Премьер-Министрдің және Үкімет мүшелерінің атынан жалған ақпарат таратылып жатқанын мәлімдеді.

 baq.kz 10 Сәуір 2024 2024, 22:07
10 Сәуір 2024 2024, 22:07
943
Фото: baq.kz

ҚР Үкіметінің Баспасөз қызметі мессенджерлерде қаражат аудару туралы өтініш айтылған Премьер-Министрдің және Үкімет мүшелерінің атынан жалған ақпарат таратылып жатқанын мәлімдеді.

Бұл – жалған ақпарат. Оны интернет-алаяқтар таратып отыр. Жалған ақпаратқа сенбеуге, қаражат аудармауға және күмәнді сілтемелерге өтпеуге шақырамыз, - деп жазды Үкіметтің баспасөз қызметі.

 

Құқық қорғау органдары алаяқтық әрекеттер жасап жатқан адамдарды анықтау және жауапкершілікке тарту бойынша жұмыс жүргізуде.

Наверх