Премьер-министрдің кандидатурасын AMANAT партиясы ұсынады. Бұл туралы Президент Қасым-Жомарт Тоқаев VIII сайланған Парламенттің бірінші сессиясының ашылуында айтты, деп хабарлайды BAQ.KZ тілшісі.
Мен Премьер-министрдің кандидатурасын сайлауда жеңіске жеткен партия Мемлекет басшысына ұсынуға құқылы деп айттым. Осы ретте саяси жауапкершілік те сол партияға жүктеледі. Бұл тәсіл «күшті Президент – ықпалды Парламент – есеп беретін Үкімет» тұжырымдамасына сай келеді. Үкімет әлеуметтік-экономикалық реформаларды іске асыруға тиіс, - деді Президент.
Айтуынша, болашақта Үкіметтегі және аймақтардағы басшылық қызметтерге түрлі партия өкілдерін тартқан жөн.
Ол үшін саяси партиялардың кадрлық резервін жасақтауды ұсынамын. Сондай-ақ өкілді және атқарушы биліктің қарым-қатынасы жаңаша сипатқа ие болады, - деп түсіндірді Мемлекет басшысы Тоқаев.
Еске салсақ, бұған дейін Президент «Мұғалім жетпейді деп» мектепке кез келген адамды ала бермеу керек екекін баса айтты. Сондай-ақ Тоқаев «Қазақстанның халық әртісі» атағын қайтарды.