Премьер-министр трансплантология саласында сертификат алу рәсімін жеделдетуді тапсырды

Бүгiн, 10:38
132
Бөлісу:
Премьер-министр трансплантология саласында сертификат алу рәсімін жеделдетуді тапсырды
Фото: Үкіметтің баспасөз қызметі

Премьер-министрге тірек-қимыл аппараты бұзылған адамдарды оңалту үшін экзоқаңқалар өндірісін іске қосу, клиникаға дейінгі кезеңде донорлық органды ұзақ мерзімді тасымалдау жүйесін, қатерлі ісікке қарсы жаңа препаратты әзірлеу бойынша жобалар таныстырылды. Әзірлемелер клиникалық сынақтың әртүрлі кезеңдерінде, деп хабарлайды BAQ.KZ.

Трансплантология саласындағы жоба бойынша Олжас Бектенов ел тұрғындары арасында өсіп келе жатқан қажеттілікті ескере отырып, қазіргі заманғы медицинаның барлық талаптарына сай болған жағдайда сертификат алу рәсімін жеделдетуді тапсырды. University Medical Center корпоративтік қорының басқарма төрағасы, кардиохирург Юрий Пя әзірлеудің бірегейлігі оқшауланған органды 24 сағаттан астам уақыт бойы сақтап қана қоймай, оның жай-күйін емдеуді, бақылауды жүзеге асыру мүмкіндігінде, атап айтқанда дәрігерлерге ультрадыбыстық, тамырішілік зерттеулер сияқты рәсімдер қолжетімді болатынына тоқталды.

Премьер-министр трансплантология саласында сертификат алу рәсімін жеделдетуді тапсырды

Су ресурстарын басқаруда жасанды интеллектіні пайдалану, металдарды терең өңдеу саласындағы бірқатар жобалар бойынша бүгінгі таңда индустриялық серіктестерді анықтау үшін келіссөз жүргізілуде, өндірістерді дамыту бойынша егжей-тегжейлі жоспарлар әзірленуде.

Сонымен қатар, Премьер-министрге ақпараттық технологиялар, медицина, робототехника, жасанды интеллект, энергетика, білім беру салаларындағы коммерциялық әлеуеті бар 10 жаңа әзірлеме таныстырылды.

Премьер-министр трансплантология саласында сертификат алу рәсімін жеделдетуді тапсырды

Олжас Бектенов Үкіметтің экономиканы дамытуға және халықтың тұрмыс сапасын жақсартуға бағытталған озық жобаларды қолдайтынын атап өтті. ЖОО басшылығы мен мүдделі мемлекеттік органдар басшыларының алдына ғылым мен өндірісті интеграциялау, өткізу мен экспортқа бағыттау бойынша міндеттер қойылды.

Мемлекет басшысы халыққа Жолдауында университеттердің экономиканың нақты секторымен байланысын күшейту қажеттігін атап өтті. Біз танысқан ғылыми әзірлемелердің табысты бизнес-жобаларға айналу перспективалары зор. Біз үшін инновациялық саясатты еліміздің ғылыми-технологиялық басымдықтарымен үндестіру маңызды. Біз ғылыми-зерттеу жобаларын ынталандыру үшін қолайлы жағдай жасап қана қоймай, олардың коммерциялануына ықпал етуіміз керек. Бұл Қазақстанның халықаралық аренадағы ұстанымын нығайтуға және жоғары технологиялық салалардың дамуына серпін береді, - деп атап өтті Олжас Бектенов.

Бұған дейін хабарлағанымыздай, Олжас Бектенов NU және НЗМ Жоғары қамқоршылық кеңесінің отырысын өткізіп, университет жанындағы технопарктегі жобалармен танысты.

Өзгелердің жаңалығы