Қазақстанның соңғы жаңалықтары

Премьер-министр Арқалық тұрғындарының өмір сапасына әсер ететін жобаны атады

Жансая ҚАМБАР
15 Шілде 2025, 10:56
503
Бөлісу:
 Үкімет баспасөз қызметі
Фото: Үкімет баспасөз қызметі

BAQ.KZ тілшісі Үкімет отырысынан кейінгі брифингте Премьер-министрден Үкіметтің сапалы жол инфрақұрылымын, оның ішінде ақылы жол жүйесін дамыту бағытында қандай жоспарлары бар екенін сұрады.

Жолдардың сапасы – өте өзекті, маңызды мәселе. Биылдың өзінде біз бүкіл республика бойынша 13 мың шақырым жолды жөндеуден және реконструкциядан өткіземіз. Ол – өте ауқымды жұмыс. Жаңа жолдар да салынып жатыр. Мысалы, Ақтөбе – Ұлғайсын, Жезқазған – Қарағанды, Жезқазған – Петропавл, - деп жауап берді Бектенов.

Ол сондай-ақ жақында Мемлекет басшысы тапсырмасымен Орталықтан батысқа қарай үлкен автожол дәлізін салудың маңызын атап өтті.

Біз осыдан тура 1 ай бұрын Астанадан Ырғызға қарай жолды салуды бастадық. Осы жол Торғай өңірі және Арқалық қаласы дамуына өте үлкен серпін беретін жоба. Жезқазғаннан Петропавлға баратын жол да Арқалық қаласынан өтеді. Ол – бизнестің дамуына,  тұрғындарыдың өмір сүру сапасының деңгейін арттыруға үлкен мүмкіндік беретін жобалар. Сондықтан, әрине, жұмысты жалғастырамыз, - деді Премьер-министр.

Еске салайық, Үкіметте Премьер-министр Олжас Бектенов және оның орынбасарларының қатысуымен БАҚ өкілдері үшін баспасөз брифингі өтіп жатыр.

Бұған дейін Бектенов экономикалық өсімді сақтау үшін тапсырмалар берген еді.

Өзгелердің жаңалығы