Праймериз: Түркістан облысында 80 мыңға жуық адам дауыс беріп үлгерді

1 Қазан 2020, 14:24
2066
Бөлісу:
Праймериз: Түркістан облысында 80 мыңға жуық адам дауыс беріп үлгерді
PHOTO

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Бүгін елімізде «Nur Otan» партиясы праймеризінің дауыс беру кезеңі басталды. Түркістан облысында да жұртшылық онлайн режимде белсенді түрде дауыс беріп жатыр. 1 қазан күні түнгі 24.00-ден бастап өз таңдауларын жасауға кіріскен түркістандықтар кадрлық резервтің мықты азаматтармен толығуына мүдделі.

«Nur Otan» партиясы Түркістан облыстық филиалының баспасөз қызметінің мәліметінше, праймеризге облыстың барлық аудан, қалаларынан 1076 адам қатысып жатыр. Оның ішінде бастауыш партия ұйымдарынан – 207 (19,2%), өзін-өзі ұсынған – 869 (80,8%), әйелдердің үлесі – 353 (32,8%), жастардың үлесі – 312-ні (28,9%) құрады. Облыс бойынша бір орынға орта есеппен 4 адамнан тіркелді. Жалпы өңірде облыстық және жергілікті мәслихаттарда 320 орын бар.
WhatsApp Image 2020-10-01 at 14.13.57 (1).jpeg

Ең жас сайлаушылардың бірі – Нариман Мархабаев. 19-ға толған жалын жас Келес ауданындағы «Жастар ресурстық орталығында» инспектор болып қызмет атқарады. 
Праймериздің онлайн форматта өткізілуі дұрыс шешім болды. Біріншіден, пандемия кезінде тұрғындардың қауіпсіздігі сақталды. Екіншіден, сайлаушылардың уақыты үнемделді. «Праймериз» ақпараттық жүйесі жақсы жасалған. Барлық кандидат туралы дерек бар. Мен ауданның, облыстық дамуына үлес қосады-ау деп сенім артқан бірнеше үміткерге дауысымды бердім. Үздіктерді осылай ашық таңдаған жөн, - дейді ол. 

WhatsApp Image 2020-10-01 at 14.13.58.jpeg

1-3 қазан аралығында өтетін дауыс беруге 78262 партия мүшесі қатысады деп жоспарланған. Олар 245 бастауыш партия ұйымдарына бекітілген. Облыстың аудан, қалаларында 209 дауыс беру орны белгіленді. Оның ішінде 170 орында онлайн форматта, 39 орында дәстүрлі қағаз бюллетенімен беріледі.
Праймериз: Түркістан облысында 80 мыңға жуық адам дауыс беріп үлгерді

Дауыс беруге қатысатын 78262 партия мүшесінің 68183 (87,1%) онлайн, 10079 (12,3%) қағаз бюлетенмен дауыс береді. Онлайн дауыс беру орындары 600-ге жуық компьютермен қамтамасыз етілді. Жалпы осы праймериз барысында облыстық және аудан, қаладағы филиалдар 77 мыңдай азаматты авторизациялаудан өткізді. Партия мүшелерін түгендеу бойынша ауқымды жұмыстар атқарылды. Үгіт-насихат жұмыстары жүргізіліп, 14-30 қыркүйек аралығында 233 дебат ұйымдастырылды. Облыста праймериз кезеңі жоғары деңгейде өтіп жатыр. Дауыс беру кезеңі 3 қазан сағат 14.00-де аяқталады.
 

Өзгелердің жаңалығы