Праймериз партияның заманға сай әрекет етіп жатқанын көрсететін тетік – Елнұр Бейсенбаев

4 Қыркүйек 2020, 11:42
1501
Бөлісу:
Праймериз партияның заманға сай әрекет етіп жатқанын көрсететін тетік – Елнұр Бейсенбаев

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ тілшісі. Бұл туралы Jas Otan жастар қанатының жетекшісі Елнұр Бейсенбаев  Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің Фейсбук парақшасында өткен онлайн кездесу барысында айтты. 

Жақында Елбасы Нұрсұлтан Назарбаевтың қатысуымен саяси кеңестің отырысы өткені белгілі. Онда партия басшысы праймеризді тиісті санитарлық нормаларды қатаң сақтай отырып өткізу керегін баса айтты. Екіншіден, онлайн өткізудің мүмкіндіктерін қарастыруды тапсырды. Осы арада айта кететін бір жайт, дебаттар онлайн форматта өтетін болады. Әрине, белгілі бір қиындықтардың тууы мүмкін. Бірақ, наурыз айынан бері азаматтардың дені онлайнды біраз меңгеріп қалды. Мектеп оқушыары да онлайнға алғаш ауысқан кезде біраз түсінбеушілік болған еді, жаңа оқу жылы басталғанда алғашқы екі күнде сәл дүрбелең болғанымен, ол тез басылды. Бізде де сол сияқты, - деді ол.   

Елнұр Бейсенбаев  праймериздің елімізде тұңғыш болып жатқан бірден-бір шара екенін айтты. 

Праймериз тақырыбына келер болсақ, біздің саяси партиямыз 2019 жылдан бастап  модернизациялануда. Партия «қайта жүктеуден» өтті. Ал праймериз партияның заманға сай әрекет етіп жатқанын көрсететін бір тетік екенін түсіну керек.  Бұл Қазақстанда тұңғыш рет болып жатқан шара. Бұған дейін саяси партиялар түрлі мәселелерді бюро отырысы, саяси кеңес немесе конференцияларда шешіп келген болса, қазір мұның бәрі ашық түрде өтеді. Яғни, жастар және ауыл, аудан, қаланың кез келген азаматы өзін ұсына алады. Бүгінгі таңда тізіп жасап қойдық. 28 тамызға дейін құжаттарды қабылдадық. Праймериздің мобильді қосымшасы да жасалды. Ондағы ақпарат үнемі жаңарып отырады. Барлық үміткер қосымшаға кіріп, онлайн форматта өздерінің бағдарламаларымен бөлісе алады. Үміткер әлеуметтік желілердің бар тетігін пайдалана алады. Яғни, тікелей эфирге шығып, жұртшылықпен араласуға, хат алмасуға болады, - деді ол. 


 

Өзгелердің жаңалығы