Праймериз арқылы медицинадағы өзекті мәселелерді шешуде қол ұшын беруге тырысамын – дәрігер

22 Тамыз 2020, 13:40
2090
Бөлісу:
Праймериз арқылы медицинадағы өзекті мәселелерді шешуде қол ұшын беруге тырысамын – дәрігер

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ тілшісі. «Балқашстоматология» ЖШС директоры, Nur Otan партиясы Қарағанды облыстық филиалының саяси кеңес мүшесі Қаныш Искаков Nur Otan партиясының праймериз байқауына құжат тапсырды. 

2020 жылдың 17 тамызында Nur Otan партиясының ұйымдастыруымен праймериз жұмысының басталғаны баршамызға белгілі. Оған еліміздің болашағына алаңдайтын әр саладағы қызмет иесі атсалысады деген ойдамын. Денсаулық сақтау саласында қызмет еткендіктен, мен де праймеризге қатысуға бел будым, - дейді ол. 

Қарағанды мемлекеттік медицина институтының стоматология факультетін 1990 жылы тәмамдап, содан бері, Балқаш қаласында еңбек етіп келе жатқан ол республика, облыс және қала аумағында іс-шараларға белсенді түрде қатысатынын айтады.
Коронавирус пандемиясы кезінде дәрігерлер қызметінің маңыздылығы анық сезілді. Халыққа денсаулық саласындағы қызметтер қаншалықты қолжетімді екендігі ойландырды. Осы мақсатта праймеризге қатысу арқылы халықты толғандырған өзекті меселелерді шешуде қол ұшын беруді дұрыс деп таптым. Алғашқылардың бірі болып, праймеризге қатысуға өтініш білдіріп, құжаттарымды бірінші күні тапсырдым. Кәсіби қызметімді атқара отырып, қоғамды толғандырған сұрақтарды шешуге өз үлесімді қосамын деген сенімдемін, - дейді дәрігер. 

Айта кетейік, 17 тамызда елімізде алғаш рет "Nur Otan" партиясының праймеризі басталды. Ондағы мақсат – алдағы Мәжіліс пен барлық деңгейдегі мәслихаттар сайлауына партиялық тізімдерге енгізу үшін қоғамның сенімі мен қолдауына ие болған беделді партия көшбасшыларын анықтау.

Бұған дейін Nur Otan партиясы праймериз өткізу, сондай-ақ, кандидаттарға ұйымдастырушылық және құқықтық қолдау көрсету мәселелері бойынша 8 (800) 080 4441 арнайы желіні іске қосқан болатын. Баспасөз қызметі таратқан ақпаратқа сәйкес, соңғы 2 айдың өзінде аталған желіге 15 мыңға жуық қоңырау түскен. Оның 3,5 мыңнан астамы - кандидаттарды ұсыну және тіркеу тәртібін түсіндіруді сұраса, мыңнан астамы дауыс беру процедурасына қызығушылық танытты. Тағы мыңға жуық адам партия қатарына кіру тәртібі туралы сұрады. Түсініктеме алуға жүгінген 7,5 мыңнан астам адам - 30 бен 44 жас аралығындағылар.



Өзгелердің жаңалығы