Праймериз: Алматы тұрғындары дебатқа қатысушыларға тікелей сұрақ қоя алады

14 Қыркүйек 2020, 15:40
1874
Бөлісу:
Праймериз: Алматы тұрғындары дебатқа қатысушыларға тікелей сұрақ қоя алады

Алматы, BAQ.KZ. Бүгін партияішілік праймериз қатысушыларының ашық пікірталастары басталды. 

Алматыда дебатқа 225 қатысушы қатысады. Бұл туралы Nur Otan партиясы Алматы қалалық филиалының баспасөз қызметі хабарлады. 

Бұған дейін тікелей эфирде лото қағидаты бойынша жеребе тарту жүргізілді. Нәтижесінде қатысушылардың пікірсайыста өзара сөз сөйлеу күндері мен шағын топтарға бөлінуі анықталды. 

Алматыда пікірсайысты өткізудің белгіленген ережелерінен басқа, ұйымдастырушылар әлеуметтік желілер арқылы қала тұрғындарынан өзекті сұрақтар қою мүмкіндігін қарастырғанын атап өткен жөн. Ол үшін қала тұрғындары Nur Otan партиясы Алматы қалалық филиалының ресми аккаунттарында @nur_otan_almaty немесе аудандық филиалдарда өз сұрақтарын жазуы қажет. Осылайша, мұндай тәсіл халыққа кандидаттардан азаматтық қоғамның өзекті мәселелерін іске асыру бойынша олардың пікірлерін тыңдауға мүмкіндік береді, - делінген хабарламада. 

Nur Otan партиясы Алматы қалалық филиалы төрағасының бірінші орынбасары Станислав Канкуровтың айтуынша, праймериз ашықтық қағидаты бойынша өтуде. Тек мықтылар мен лайықты адамдар ғана партиялық тізімге енеді. 

Естеріңізге салсақ, Алматы шағын және орта бизнес субъектілері мен үкіметтік емес ұйымдар өкілдерінің саны бойынша көш бастап тұр. Мәселен, шағын және орта бизнес секторы праймеризге қатысушылардың 50%-ын және 10%-дан астамын ҮЕҰ құрайды.

Өзгелердің жаңалығы