Оқу-ағарту министрлігі Балалардың құқықтарын қорғау комитеті пойызда қайтыс болған жасөспірімнің өліміне қатысты мәлімдеме жасады, деп хабарлайды BAQ.KZ тілшісі.
Балалардың құқықтарын қорғау комитетіне 7 тамыз күні №625 «Атырау-Астрахань» бағытындағы пойызда 13 жасар жасөспірімнің белгісіз себептермен көз жұмғаны туралы ақпарат келіп түсті.
Қазіргі таңда құзырлы органдар қайғылы оқиғаның себебін анықтап жатыр. Балалардың құқықтарын қорғау комитеті қаза болған жасөспірімнің отбасына қайғырып көңіл айтады, - делінген комитеттің ресми мәлімдемесінде.
Бұған дейін 7 тамызда № 625 «Атырау-Астрахань» бағытындағы пойызда 2010 жылы туған бала көз жұмғанын хабарладық. Ол бір топ қатарластарымен және 4 тәлімгермен бірге лагерьге бара жатқан. Балалар өз тамақтарын жеген. Пойыз жолға шыққаннан кейін 1,5 сағат өткенде бала өзін жайсыз сезінген.