Пойыздағы интернет қашан дұрысталады? – комитет жауабы

21 Маусым 2024, 10:22
440
Бөлісу:
Пойыздағы интернет қашан дұрысталады? – комитет жауабы
Фото: pixabay.com/ru

Телекоммуникациялар комитетінің төрағасы Ержан Мейрамов елімізде пойыздар қашан толығымен интернетпен қамтылуы мүмкін екенін айтты, деп хабарлайды BAQ.KZ тілшісі.

Былтыр Қазақстанда "Қолжетімді интернет" ұлттық жобасы бекітілді. Жоба аясында бірқатар шара көзделген. Яғни мемлекет және жеке меншік серіктестігі арқылы жүзеге асатын шаралар бар. Онда ауылды елді мекенге және маңызы бар жолдарға сапалы интернетпен қамтамасыз ету көзделіп отыр.  Теміржолдағы интернет желісін жақсарту үшін бірнеше шешімді пысықтап отырмыз. Оның ішінде "НГСО" спутник операторының көмегі арқылы интернет сапасын жақсартамыз. Негізгі мақсат - 2027 жылдың аяғына дейін шешімін табуды ойлап отырмыз, - деді Ержан Мейрамов.

Еске салайық, бұған дейін Цифрлық даму министрлігінде өткен брифингте ведомство басшысы Жаслан Мәдиев Chatgpt-дің қашан пайда болатынын айтқан еді.

Өзгелердің жаңалығы