1 маусымнан бастап пойызбен жүретіндер ескеретін маңызды талаптар белгілі болды

14 Мамыр 2020, 17:54
3032
Бөлісу:
1 маусымнан бастап пойызбен жүретіндер ескеретін маңызды талаптар белгілі болды

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ тілшісі. Көліктегі тауарлар мен қызметтердің сапасы мен қауіпсіздігін бақылау департаментінің басшысы Сәдуақас Байғабылов 1 маусымнан бастап жүретін пойыздарға мінетін жолаушылар ескеру тиісті талаптарды айтты.

Оның айтуынша, вокзал ғимаратына кірер алдында жолаушыларда медициналық маска мен жол жүру билеті болуы міндетті. Одан бөлек, ғимаратқа кірер кезде вокзалдың өзіндік қауіпсіздік қызметі термометрия жүргізетін болады.

Жолаушыларды вагондарға билеттеріне байланысты отырғызамыз. Қосымша талаптар болмайды. Купе,плацкарт қай-қайсысы болмасын билеттері қатаң тексеріледі. Тальго пойыздарында да дәл солай. Пойыздарда дезинфекциялық режимді күшейту маңызды талаптардың бірі. Сонымен қатар, пойыз бригадалары, қызметкерлер маскамен жүруі керек. Вагондар арасында жолаушылардың қозғалысына шектеу енгізіледі. Жолаушыларды шығарып салуға бірге ілесіп келген адамдар вокзал ғимаратына кіргізілмейді, - дейді Сәдуақас Байғабылов. 

 Сонымен қатар, оның айтуынша, сапар барысында жолаушыларға өздерімен бірге тамақ алуға рұқсат етіледі.

Әуе рейстеріндегі сияқты пойызда да тамақтануға рұқсат етіледі. Жолаушылар өздерімен өздерімен бірге тамақтарын алып шыға алады. Оған тыйым салудың ешқандай қажеті болмайды, - деді көліктегі бас санитар. 

Бұған дейін хабарланғандай, 1 маусымнан бастап Қазақстанда теміржол қатынасы басталды.

Өзгелердің жаңалығы