Пойыз жолсерігі өнерпаздармен бірге «Адай» күйін орындады

Бүгiн, 15:17
179
Бөлісу:
Пойыз жолсерігі өнерпаздармен бірге «Адай» күйін орындады
Фото: «Жолаушылар тасымалы» АҚ баспасөз қызметі

№25/26 «Шымкент-Алматы» пойызының жолаушылары ерекше музыкалық сәттің куәсі болды. Пойыз жолсерігі домбыраны қолға алып, «Қарақат» студиясының тәрбиеленушілерімен бірге аңызға айналған «Адай» күйін орындады, деп хабарлады «Жолаушылар тасымалы» АҚ баспасөз қызметі.

Музыкалық өнерге жақын жас жолаушылардың қатарында «Қарақат» студиясының талантты шәкірттері болған. Олар Алматыда өтетін беделді «JorgaFest» байқауына қатысуға бара жатқан. Бұл фестиваль елдің түкпір-түкпірінен жиналған үздік орындаушыларды біріктіретін маңызды шара.

Жолсерік бала кезінен домбырамен күй шертіп, бұл өнерді өз әулетіндегі үлкендерден үйренген. Домбыра – оның жанына жақын, ата-бабадан мирас болған қастерлі мұра. Ұлттық өнерге қызығушылық танытқан жас жолаушылардың күй орындау шеберлігін көріп, музыка дәстүрінің жалғасып жатқанына ол ерекше қуанғанын жеткізді, - делінген баспасөз хабарламасында.

Жолсерік пен жас өнерпаздардың жоспарланбаған концерттік номері жолаушыларды сүйсінтіп, жақсы көңіл-күй сыйлаған.

Өзгелердің жаңалығы