Астана, BAQ.KZ. Екінші ақпаннан бастап елімізде бірнеше пойыз бағыттарына билет бағасы арзандайды. Бұл туралы «Жолаушылар тасымалы» АҚ өкілдері мәлімдеді.
Нақтырақ айтсақ, Астана – Алматы бағытында жолаушылар тасымалдайтын пойыздарға билет құны 9886 теңгеге дейін арзандаса, Алматы – Шымкент пойызына билет алу 6567 теңгені құрамақ. Яғни, билет бағасы шамамен 1500 теңгеге дейін төмендейді.