Қазақстанның соңғы жаңалықтары

Пойыз бен ұшақта интернет қосылады: Қазақстанға жаңа спутник операторлары келеді

Олжас АДАЙ
Кеше, 10:54
417
Бөлісу:
 Артём Чурсинов  - архив
Фото: Артём Чурсинов - архив

Премьер-министрдің орынбасары – жасанды интеллект және цифрлық даму министрі Жаслан Мадиев Үкімет отырысында шалғай елді мекендерді интернетпен қамту жоспары туралы айтты, деп хабарлайды BAQ.KZ тілшісі.

Оның айтуынша, қазір Қазақстанда спутниктік интернет қызметін көрсететін 3 оператор жұмыс істеп тұр.

Жақын уақытта тағы 2 шетелдік компания нарыққа шығады. Олар бойынша пилоттық сынақтарды биыл өткізу жоспарланып отыр, – дейді министр.

Сондай-ақ Мәдиевтің мәлімдеуінше, биыл кейбір пойыздар мен ұшақтарда спутниктік интернет қолжетімді болмақ.

Байланыс жоқ аумақтарда туристік және қолжетімділігі қиын локацияларды спутниктік интернетпен қамтамасыз ету үшін әкімдіктер жергілікті бюджет қаражаты есебінен шара қабылдауы қажет, – деп толықтырды ол.

Өзгелердің жаңалығы