"Пойыз + автобус": ҚТЖ жолаушыларға жаңа қызмет ұсынады

15 Сәуір 2023, 09:10
903
Бөлісу:
"Пойыз + автобус": ҚТЖ жолаушыларға жаңа қызмет ұсынады
Фото: Егемен Қазақстан

ҚТЖ жолаушыларға "перроннан үйге дейін трансфер" атты жаңа қызмет ұсынады, деп хабарлайды BAQ.KZ "Қазақстан темір жолы" ҰК" АҚ баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

"Жолаушылар тасымалы" АҚ "UvU" international LTD" компаниясымен бірлесіп Астана қаласы бойынша Нұрлы жол теміржол вокзалының перронынан үйге (межелі пунктке дейін) жайлы шағын автобуспен трансфер қызметін іске қосады.

"Пойыз + автобус" жобасы интермодальды тасымалдауды (жолаушыларды көліктің бірнеше түрімен тасымалдау) дамыту бойынша жүргізіліп жатқан жұмыстар шеңберінде іске асырылуда. Қазіргі уақытта қызметті 3/4 "Алматы-Астана" жолаушылар пойызының жолаушылары пайдалана алады. Ол үшін жолаушылар вагондарындағы QR кодын сканерлеп, қажетті мекен-жайды көрсетіп, қызметке ақы төлеу жеткілікті.

Сондай-ақ жолаушылар https://uvu.kz/ktz. веб-сайты арқылы вокзалдан үйге трансферді өз бетінше сатып ала алады. Жолаушылардың барынша жайлылығы үшін автокөлік "Нұрлы жол" теміржол вокзал кешенінің пандусында күтіп тұратын болады.

Біз қызметті жақсартудың және клиенттерімізге қосымша ыңғайлылықты қамтамасыз етудің жаңа жолдарын іздейміз. Болашақта мұндай қызмет жолаушыларға "Есіктен есікке дейін" қағидаты бойынша жолаушыға жол жүруді қамтамасыз ете отырып, бір бағыт шеңберінде автобус және теміржол көліктерімен жол жүруді ресімдеуге мүмкіндік береді, - деді "Жолаушылар тасымалы" АҚ Бас директоры Жәнібек Тайжанов.

Аралас тасымалдар жолаушыларға нұсқаларды іздеуге және көліктің әр түрлері арасында ыңғайлы түйісулерді таңдауға уақытты едәуір қысқартады, сондай-ақ Қазақстан қалалары бойынша саяхаттау үшін мүмкіндіктерді кеңейтеді.

Өзгелердің жаңалығы