Қазақстанның соңғы жаңалықтары

Португалияда төтенше жағдай жарияланды

Бүгiн, 17:04
197
Бөлісу:
 Anadolu
Фото: Anadolu

Испанияның оңтүстігіндегі Андалусия автономды қауымдастығында қатты жауған жаңбырдан кейін болған су тасқындарына байланысты 5 500 адам эвакуацияланды, деп хабарлайды BAQ.KZ тілшісі Anadolu-ға сілтеме жасап. 

Андалусия автономды үкіметінің басшысы Хуан Мануэль Мореноның айтуынша, Кадис өңірінде 1 500 адам қауіпсіз жерге көшірілген. Ал Гранада, Кордова, Хаэн, Малага және Севилья қалаларында барлығы шамамен 4 мың адам эвакуацияланған.

Ең қатты зардап шеккен аумақтардың бірі – Кадис провинциясындағы Грасалема елді мекені. Бұл ауыл толығымен эвакуацияланған.

Қолайсыз ауа райына байланысты Андалусияда шамамен 170 автожол жабылып, теміржол қатынасы едәуір шектелді. Құтқару жұмыстары барысында полиция, жандармерия және әскерилердің қатысуымен көптеген адам эвакуацияланып, құтқарылып жатқаны бейнеленген кадрлар тарады. Сонымен қатар ауыл шаруашылығы алқаптары да айтарлықтай шығынға ұшыраған.

Елдің оңтүстік-батысындағы тағы бір зардап шеккен өңір – Эстремадурада өзендердің арнасынан шығу қаупіне байланысты шамамен 1 000 адам эвакуацияланды.

Испанияның премьер-министрі Педро Санчес қазіргі кезеңде азаматтардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету үшін барлық ведомстволардың үйлесімді әрекет етуі аса маңызды екенін атап өтті.

Біз жағдайдың дамуын және өзендер мен жылғалардағы су деңгейінің көтерілуін мұқият бақылап отырмыз, – деп жазды ол америкалық X әлеуметтік желісінде.

Португалияда "төтенше жағдай" режимі 15 ақпанға дейін ұзартылды

Қолайсыз ауа райы Португалияға да әсер етті.

Португалияның премьер-министрі Луиш Монтенегру халыққа жасаған үндеуінде «төтенше жағдай» режимінің 15 ақпанға дейін ұзартылғанын хабарлады. Бұған дейін бұл режим 8 ақпанға дейін күшінде болған.

Премьердің айтуынша, ең күрделі ауа райы жұма мен сенбіге қараған түні күтіліп отыр.

Монтенегру азаматтарды "билік ұсынымдарын қатаң сақтауға және аса қажеттілік болмаса, үйлерінен шықпауға" шақырды.

Қауіп-қатерді елемеуге болмайды. Үкімет барлық қолда бар ресурстарды жұмылдыру үшін үлкен күш салып жатыр, – деп атап өтті ол.

Елдің оңтүстік және орталық аймақтарында жауған нөсер жаңбыр салдарынан бір адам қаза тауып, тағы 100 адам өз үйлерінен эвакуацияланған.

Португалия президенті Марселу Ребелу де Соуза ертеңге жоспарланған Испанияға сапарын тоқтатты.

Ал Португалияның сайлау комиссиясы президент сайлауының екінші туры жексенбі, 8 ақпанда өтетінін растады.

Өзгелердің жаңалығы