Португалияда су асты көрмесі өтіп жатыр

14 Қазан 2023, 23:27
850
Бөлісу:
Португалияда су асты көрмесі өтіп жатыр

Португалияда алғаш рет Албуфейре қаласының жағалауында су асты көркем сурет жәрмеңкесі өтіп жатыр, деп хабарлайды BAQ.KZ Breaking Travel News басылымына сілтеме жасап.

10 метр тереңдікте электростанцияның ескірген қалдықықтарынан жасалған тудыны тамашлауға болады.

Португалияда су асты көрмесі өтіп жатыр

Темір мен бетоннан жасалған туындылар жағалаудан бір миль қашықтықта, 12 метр тереңдіктегі 1250 шаршы метр жерге орналастырылған. Ал ондағы ең биік мүмсін 5,3 метр.

Адамдардың теңізбен қарым-қатынасының түрлі тарихын табуыға тырыстым. Адамдардың аман қалу, қақтығысу мен қысылтаяң оқиғаларды бастан кешірген сәтін бейнелеуге тырыстым. Біздің тарих теңізбен байланысқанын көрсеткім келді, - дейді жаба авторы, суретші Vhils.

Португалияда су асты көрмесі өтіп жатыр

Бұл суретшінің өзін сынап көрген ең ауыр еңбегі болды. Көрмені ұйымдастырушылар теңіз түбінде жұмыс істеуге тұра келген. Сондай-ақ, техникалық қалдықтарды тасу қиынға түскен.

Өзгелердің жаңалығы