Қазақстанның соңғы жаңалықтары

Португалияда президент сайлауының екінші туры өтіп жатыр

Бүгiн, 16:51
161
Бөлісу:
 Report
Фото: Report

Португалияда президент сайлауының екінші туры өтіп жатыр. Жоғары мемлекеттік лауазым үшін алғашқы турда сайлаушылардың ең көп қолдауына ие болған екі кандидат бақ сынайды. Олар – "Сhega" атты әсіре оңшыл партияның жетекшісі Андре Вентура мен Социалистік партияның бұрынғы бас хатшысы Антониу Жозе Сегуру, деп хабарлайды BAQ.KZ.

Дауыс беру учаскелері жергілікті уақытпен сағат 08:00-де ашылып, 19:00-ге дейін жұмыс істейді. Алдын ала нәтижелер түн ішінде жарияланады деп күтіліп отыр.

Президент сайлауының екінші турын өткізу қажеттілігі алғашқы кезеңде кандидаттардың ешқайсысы 50 пайыздан астам дауыс жинай алмағандықтан туындады. Мұндай жағдай соңғы рет 1986 жылы болған.

Ел заңнамасына сәйкес, президент жалпыға бірдей, тікелей және құпия дауыс беру арқылы 5 жыл мерзімге сайланады. Қазіргі мемлекет басшысы Марселу Ребелу ди Соуза бұл қызметке 2016 жылы келген, ал 2021 жылы қайта сайланған. Заң бойынша қатарынан үш рет сайлануға тыйым салынғандықтан, ол бұл жолы кандидатурасын ұсына алмады.

Өзгелердің жаңалығы