Қазақстанның соңғы жаңалықтары

Португалияда 14 жастағы жасөспірім орман өртеген

30 Тамыз 2025, 14:52
408
Бөлісу:
 Bruno Fonseca/AP
Фото: Bruno Fonseca/AP

20 тамызға дейін Португалияның сот полициясы қасақана өрт қоюға қатысты 52 адамды қамауға алған болатын, деп хабарлайды BAQ.KZ.

Euronews таратқан мәліметке сәйкес, солардың бірі – Фафе муниципалитетіндегі Сейдойнш қаласының 14 жастағы тұрғыны. Ол жаз бойы елдің солтүстігінде бірнеше орман өртіне себеп болғанын мойындады. Тергеу деректеріне сәйкес, жасөспірім үнемі скутермен орманға барып, сіріңкемен от тұтатып, кейін үйіне кетіп қалған.

Бұл туралы Португалияның сот полициясы хабарлады.

Кәмелетке толмаған жасөспірімнің мұндай әрекетке баруына мектептегі үлгерімінің төмендігі мен әлеуметтік ортасының тұрақсыздығы себеп болуы мүмкін. Ол ашу-ыза мен күйзелістің әсерінде болған тәрізді, — делінген полиция мәлімдемесінде.

Аудандағы жүйелі түрде қайталанған өрттерге байланысты арнайы тергеу басталған. Брага қаласының сот полициясы істі прокуратураға жолдады, ал ол өз кезегінде құжаттарды отбасы және кәмелетке толмағандар істері жөніндегі сотқа береді.

20 тамыздағы жағдай бойынша, Португалияда орман өртіне байланысты барлығы 52 адам ұсталған. Олардың басым бөлігі тамыз айында қамауға алынғаны айтылды.

Жұма күні таңертең ел аумағында 97 өрт тіркелгенімен, олардың көпшілігі сөндіру жұмыстарының соңғы сатысында болған.

Өзгелердің жаңалығы