"Портретін алып тастау керек". Бәшімов Конституцияда Елбасы деген түсінік жоқ екенін айтты

17 Тамыз 2022, 12:50
11464
Бөлісу:
"Портретін алып тастау керек". Бәшімов Конституцияда Елбасы деген түсінік жоқ екенін айтты

Бұл туралы «Еуропалық құқық және адам құқықтары сарапшылық институтының директоры Марат Бәшімов ОКҚ-да өткен брифингте айтты, деп хабарлайды BAQ.KZ тілшісі. 

Конституция – ең биік заң тұғыры. Рефорендум қабылданған күннен бастап басқаның барлығы күшін жояды. Елбасы туралы институт жоқ.Ертең заң қабылдау формальдық түрде өтеді. Ал референдум күнінен бастап сана сезім өзгеруі керек. Ал біздің шенеуніктердің төбесінде Елбасының портреті тұрады. Оны шешіп тастау керек. Заңгерлер ол Конституцияға сай келмейтінін айтады, - деді Бәшімов. 

Ол атағандай, Бас прокуратураға кітап берілгенін айтты. 

Конституцияға сай емес терминдерді Бас прокуратура бақылап отыруы керек. Елбасы – Конституцияда жоқ термин. Егер бұқаралық шарада жазылса, прокуратура түсіндірме беруі керек. Себебі қазір мода болып кетті. Елбасының баспасөз қызметі хабарлады деп айтады. Бұл конституциялық түсінік емес. Сондықтан бұл жерде прокуратураның ұстанымы нақты болуы керек. 5 маусымнан бастап олар күшіне енеді. Ал заңдарды қабылдауды күтудің қажеті жоқ, - деді ол. 

Өзгелердің жаңалығы