Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ тілшісі. Бұл туралы Халықаралық бейбітшілік орталығының бұрынғы вице-президенті Ангела Кейн «Астана клубының» алтыншы отырысының сессиясында айтты.
Ол атағандай, Ислам радикализмі өңірлік тұрақсыздық жағдайында өте өзекті мәселеге айналып отыр.Еуропа елдері ішкі проблемалардан зардап шегуді жалғастырады. Олардың Ресеймен болашақтағы ынтымақтастығы шектеледі. Қазіргі кезде популизм, терроризм, көші-қон, энергетикалық дағдарыс - осылардың барлығы біздегі ортақ проблемалар. Ресейдің ұстанымы НАТО-мен қарым-қатынасқа қалай әсер етеді? Еуропа енді ғана Ауғанстан мәселесінен шықты. Сондықтан Еуропа болашақ соғыс миссияларына өте абай қарап, ресурстарды бөлуге үлкен көңіл бөлуі керек, - деді Ангела Кейн.
Біз өңірлік қақтығыстарды байқап отырмыз. АҚШ пен Ресей арасындағы жағдай ушығып жатыр. Пандемия жағдайында індет бізге өзінің шарттарын қойып жатыр. Геосаяси жағдайда пандемия бүкіл елге сынақ болды деп айтуға болады. Сондықтан біз өте күрделі, кешенді шешімдерді қабылдауға мәжбүр болып отырмыз. Әсіресе, біздің азаматтардың құқықтары мен бостандықтарын шектеу жағы да қаралады. Бірақ бұл ұжымдық қауіпсіздік үшін жасалып жатқан шаралар, - деді Кейін.